Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті. Оған
Алматы көшелерімен «Көш. Наурыз – думан» керуені жүріп өтті. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Батыр, бүркітші, ақын және басқа да образдағы адамдар қала тұрғындары мен қонақтарын қуантты. Әжелердің шашуы мен ақындардың өлеңі керуен ажарын аша түсті. Арбадағы киіз үй, қыз күймесі, қоржынға жібек мата мен кілем артқан түйелер, сонымен қатар, Жеті қазына нышандары ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрінің тамыры тереңде екенін еске салды. Керуен Абай атындағы алаңнан бастау алып, Астана алаңында