5-10-сынып оқушылары арасында «Интернетсіз бір күнім» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-10-сынып оқушылары арасында «Интернетсіз бір күнім» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті
27
февраль
2020

5-10-сынып оқушылары арасында «Интернетсіз бір күнім» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті

Балалардың басым бөлігі уақытын компьютермен және ұялы телефонмен өткізгенді ұнатады. Мамандар компьютерде ұзақ уақыт отыру, телефондағы ойындарды ойнау адам денсаулығына өте зиян екенін айтады. Компьютердің зияны туралы ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні ғылыми негізде дәлелденген. №157 ЖББ мектебінде интернетсіз бір күн "Мен OFFLINE" (оффлайн) акциясы өтті. Акцияның мақсаты - интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігін бақылау, ересектердің жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру. Қазіргі техника қарыштап дамыған заманда адамның бір күндік өмірінің басым бөлігін интернетке тәуелділік алып жатқаны бәрімізге аян. Мектеп жасындағы оқушының өзі қолы қалт етсе, ұялы телефонға жармасып жататынын көріп жүрміз. Мінекей, №157 ЖББ мектебінің оқушыларына арналған лездеме жиында интернеттің зияны туралы кеңінен айтылды. Әсіресе ҰБТ-ге дайындалушы 11-сынып оқушыларына уақытын босқа өткізбеуге, жалпы адамның қу темірден гөрі рухани азығы мол кітаппен дос болуға шақырды. Осы орайда 1-4-сыныптар аралығында «Қауіпсіз интернет еліне саяхат» сынып сағаты және «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» атты сурет байқауына оқушылар белсенділікпен қатысты. 5-10-сынып оқушылары арасында «Интернетсіз бір күнім» (Мен оффлайн) эссе байқауы өтті. Оқушылардың күнделікті өмірін телефонға шұқшиып емес, сабағын оқып, жақсы іспен айналысуына мұндай шараның тигізер пайдасы мол деп есептейміз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: