Бүгін біз Наурызбай ауданындағы №157 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында,Ішкі Істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерімізге арналған батылдық бұрышының ашылу салтанатына жиналып тұрмыз. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін біз Наурызбай ауданындағы №157 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында,Ішкі Істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерімізге арналған батылдық бұрышының ашылу салтанатына жиналып тұрмыз.
22
май
2024

Бүгін біз Наурызбай ауданындағы №157 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында,Ішкі Істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерімізге арналған батылдық бұрышының ашылу салтанатына жиналып тұрмыз.

Құрметті қонақтар,оқушылар!
Бүгін біз Наурызбай ауданындағы №157 жалпы білім беретін мектептің қабырғасында,Ішкі Істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлерімізге арналған батылдық бұрышының ашылу салтанатына жиналып тұрмыз.
Өкінішке орай,Тәуелсіздік жылдары Алматы полициясында 80-ге жуық қызметкер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тауып,олардың 34-сі қанды қол қылмыскерлердің қолынан мерт болды.
Олар өздерінің барлық жоспарлары мен үміттерін іске асыра алмай,бейбіт уақытта халқы мен Отаны үшін өз өмірлерін қиды.
Әріптестеріміздің ерлігі мен батырлығы құрметке лайық және еліміздің болашағы үшін қызметте жүрген барлық полицейлерге үлгі.Ішкі істер органдарындағы қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкері Әубәкіров Жеңіс Қожахметұлының  есімін ел есінде мәңгілікке сақтау және жас ұрпағымызды патриоттық рухта тәрбилеу мақсатында  - «Батылдық бұрышы» ашылды.
Іс-шараның басты мақсаты жас ұрпағымызды паториоттыққа тәрбиелеу,оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту.

Біз Әубәкіров Жеңіс Қожахметұлын  және полиция батырларын мәңгілік есте сақтаймыз.Олар әрқашан біздің жүрегімізде қалады.
#dp_almaty #polisiakz #qriim_mvdkz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: