Жетістіктер » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктер
16
апрель
2021

Жетістіктер

Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім бөлімі, №157 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай көркемсөз оқу шеберлерінің «Тіл – асыл қазынам» атты аудандық байқауы қашықтан zoom платформасы арқылы 2021 жылы 15 сәуірде өтті.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау.
Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын дәріптеу, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқаудың әділқазы алқасының құрамы
Әділқазы алқасының төрағасы – Наурызбай аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейтаскаров Мурат Айнашович
Әділқазы алқасының мүшелері –
1. Наурызбай аудандық білім бөлімінің бас маманы Зейтова Маншук Сапиевна
2.Наурызбай аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі, №176 мектеп-гимназиясының мұғалімі Елшібекова Шолпан Орымбайқызы

Байқаудың шарттары: Байқауға аудан мектептерінде оқитын бір мектептен 8-сыныптан 1 оқушы, 10-сыныптан 1 оқушы қатысты. Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша өтті:
І кезең тіл туралы мәнерлеп өлең оқу. Мұнда әділ қазылар алқасы 1-кезең аяқталған соң 2-кезеңге өтетін оқушыларды іріктеді.
ІІ кезең драмалық шығармадан (халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, пьеса) үзінді оқу. Мұнда І кезеңнен өткен 7 оқушы қатысты.
Нәтижесінде Бас жүлде №176 МГ 10-сынып оқушысы Амангелдіқызы Данайым
I орын №188 мектеп-гимназия 10-сынып оқушысы Қуат Нұркамал Нұржанқызы
II орын №157 ЖББМ 10-сынып оқушысы Кокебаева Эльмира Маратқызы
174 МГ 8-сынып оқушысы Даубек Дана Медетқызы
№176 МГ 10-сынып оқушысы Мұхтар Ақжарқын Алмасқызы
III орын №187 ЖББМ КММ 8-сынып оқушысы Бейсе Анель
№192 ЖББМ 10 - сынып оқушысы Абдуали Дария

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 апрель 2021 Іс шара
12 октябрь 2020 Іс шара
09 октябрь 2020 Біз туралы
22 сентябрь 2020 Біз туралы
03 март 2021 Іс шара