№157 ЖББМ 01.08.2022-01.09.2022ж «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №157 ЖББМ 01.08.2022-01.09.2022ж «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар.
01
сентябрь
2022

№157 ЖББМ 01.08.2022-01.09.2022ж «Мектепке жол» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектептің азқамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы мектепте өтіп жатыр.
«Мектепке жол» акциясына жоспар құрылып, бекітілді. Акцияны насихаттау мақсатында мектеп сайтына, әлеуметтік желілерге ақпараттық хабарламалар жасалынды.
Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сонымен қатар мектепке дайындау бойынша әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылып, рейдтер ұйымдастырылды.
Осы аякция басталғалы көмекке мұқтаж отбасыларынан шыққан 66 оқушыға мектеп ұжымы мен демеушілерден көмек көрсетілді.
95 оқушыға мектеп формасы, 5 оқушыға канцелярлық заттар алынды және "CORDIAL CONSTRUCTION" (КОРДИАЛ КОНСТРАКШН) ЖШС-нің ұйымдастыруымен мектебіміздегі 18 аз қамтылған отбасынан шыққан отбасыларға мектеп формасымен қатар, оқу құралдары да тапсырылды.
Алматы Қаласы, Наурызбай ауданының кіріс-шығыс басқармашылығының спонсорлығымен көп балалы отбасынан шыққан 15 оқушыға мектеп формасымен қатар, оқу құрал жабдықтары да тапсырылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: