Алматыда тағы бір мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. » 157.alschool.kz
Коммунальное
государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №157"
Управления образования города Алматы
Приемная
+7(727) 385-33-67
Бухгалтерия
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Версия для
слабовидящих
» » Алматыда тағы бір мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
12
сентябрь
2024

Алматыда тағы бір мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.

Алматыда тағы бір мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.
Салтанатты шара Коммунальное Наурызбай ауданындағы №157 орта мектепте өтті.
Оған Алматы қалалық полиция Департаментінің басшылығы, «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары, жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, ІІО ардагерлері қатысты.
«Жас сақшы» полиция сыныптарын құру – Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.
Бұл бастама ІІМ үшін полицияның кәсіби өзегін сақтаудың, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің, уақыт өте келе қалыптасқан озық дәстүрлерді насихаттаудың ерекше маңыздылығын көрсетеді.
«Мемлекет басшысы еліміздің болашағы жастардың қолында екенін атап өтті. Құрметті оқушылар! Жаңа жүйеге тез және оңай бейімделулеріңізге тілектеспін: шыңдарды бағындырыңыздар, ақылды және рухы мықты болыңыздар. Құқық қорғау саласындағы жаңа білімдер құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және өскелең ұрпақтың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуге ықпал етеді. Сіздердің әлемді жақсартуға деген күштеріңіз бен ұмтылыстарыңыз біздің ортақ мақсаттарымызға жетуге көмектесетініне сенімдімін. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелей берсін!», – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі биылғы жылды «Ерлік және патриоттық жылы» деп жариялады.
Жастар арасында қаһармандық пен ержүректілікті дәріптеу мақсатында Коммунальноендағы 27 орта мектеп пен 1 ​​колледжде қызметте қаза тапқан Алматы қалалық полиция Департаментінің 29 қызметкерінің құрметіне «Даңқ кабинеттері» ашылды.

@akimat_almaty 
@akimat_nauryzbai_audany 
@oqu_agartu_ministrligi 
@edu.almaty 
@almaty_police_department 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@nauryzbai_madeniet_bolimi 
@assem.nussupova 
@miras_nyssanaliyev 
@sairan.saifedenov 
@kusainova.s.a 
@akhmetova.s.a 
@uvikr_dp_almaty
@askhat_urpek

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 март 2021 Іс шара