Жетістіктер » 157.alschool.kz
Municipal public
public institution
"Secondary school №157"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 385-33-67
bookkeeping:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Жетістіктер
16
April
2021

Жетістіктер

Municipal public Наурызбай аудандық білім бөлімі, №157 ЖББ мектептің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай көркемсөз оқу шеберлерінің «Тіл – асыл қазынам» атты аудандық байқауы қашықтан zoom платформасы арқылы 2021 жылы 15 сәуірде өтті.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау.
Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын дәріптеу, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.
Байқаудың әділқазы алқасының құрамы
Әділқазы алқасының төрағасы – Наурызбай аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сейтаскаров Мурат Айнашович
Әділқазы алқасының мүшелері –
1. Наурызбай аудандық білім бөлімінің бас маманы Зейтова Маншук Сапиевна
2.Наурызбай аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі, №176 мектеп-гимназиясының мұғалімі Елшібекова Шолпан Орымбайқызы

Байқаудың шарттары: Байқауға аудан мектептерінде оқитын бір мектептен 8-сыныптан 1 оқушы, 10-сыныптан 1 оқушы қатысты. Байқау төмендегідей кезеңдер бойынша өтті:
І кезең тіл туралы мәнерлеп өлең оқу. Мұнда әділ қазылар алқасы 1-кезең аяқталған соң 2-кезеңге өтетін оқушыларды іріктеді.
ІІ кезең драмалық шығармадан (халық ауыз әдебиеті, көркем әдебиет, пьеса) үзінді оқу. Мұнда І кезеңнен өткен 7 оқушы қатысты.
Нәтижесінде Бас жүлде №176 МГ 10-сынып оқушысы Амангелдіқызы Данайым
I орын №188 мектеп-гимназия 10-сынып оқушысы Қуат Нұркамал Нұржанқызы
II орын №157 ЖББМ 10-сынып оқушысы Кокебаева Эльмира Маратқызы
174 МГ 8-сынып оқушысы Даубек Дана Медетқызы
№176 МГ 10-сынып оқушысы Мұхтар Ақжарқын Алмасқызы
III орын №187 ЖББМ КММ 8-сынып оқушысы Бейсе Анель
№192 ЖББМ 10 - сынып оқушысы Абдуали Дария

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 April 2021 Іс шара
12 October 2020 Іс шара
09 October 2020 About school
22 September 2020 About school
03 March 2021 Іс шара