Іс шара » 157.alschool.kz
Municipal public
public institution
"Secondary school №157"
Education Department of Almaty
Reception room :
+7(727) 385-33-67
bookkeeping:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Version for
visually impaired
» » Іс шара
30
April
2021

Іс шара

№157 ЖББ мектепте 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Ж.Қасымжанова ұйымдастырды.

Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел», «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы» атты кітаптары, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің класиктерінің туындылары, аудармалары қойылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: