02
September
2021
Іс шара
Жақсы кітап «Әліппе», үйретеді әріпке. Ақын Нұрхан Жанаев айтқандай, «Әліппе» жақсы кітап екені мойындалып, осы оқу жылында мектеп бағдарламасына қайта енгізілді.
Биылғы жыл мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндер үшін ерекше болды. Араға бірнеше жыл салып ортамызға "Әліппе" кітабы қайта оралды.
Білім атаулының бастауында тұрған «Әліппе» қай заманда болсын қазақ қоғамының ерекше назарында болды.
Ұлы реформатор-педагог Ахмет Байтұрсынов әуелі 1912 жылы «Оқу құралы» деп ұсынып, кейін ұдайы толықтыру, жетілдіру нәтижесінде 1927 жылы «Жаңа Әліпби» деген атпен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің бас кітабы бұдан кейінгі кезеңде жарық көрген барлық «Әліппелерге» берік іргетас болды.