2023 жылы, 29 мамыр күні Наурызбай ауданының білім бөлімі мен «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес №157 ЖББМ «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен қалалық семинар өткізілді. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылы, 29 мамыр күні Наурызбай ауданының білім бөлімі мен «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес №157 ЖББМ «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен қалалық семинар өткізілді.
29
май
2023

2023 жылы, 29 мамыр күні Наурызбай ауданының білім бөлімі мен «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес №157 ЖББМ «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен қалалық семинар өткізілді.

2023 жылы, 29 мамыр  күні  Наурызбай ауданының білім бөлімі мен «Сенімен болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес сапалы білім, саналы тәрбие беру, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында  №157 жалпы білім беретін мектебінде «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен қалалық семинар өткізілді.     
Мақсаты: Мектепте бала тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлін арттыруға ықпал ету, мектеппен ынтымақтаса отырып, тығыз байланыста жұмыс істеуге шақыру, ата-аналардың бала өміріне жауапкершілігін арттыру.

"Сенімен Болашақ" қоғамдық бірлестігінің миссиясы:
Еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру.
Ата-аналардың психологиялық - педагогикалық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың ойын ояту.  Жиналысқа Наурызбай АББ басшысы С.Қусаинова қатысып, ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, жиналыстың мақсатымен таныстырды. Ата-ана баланың бас ұстазы, тәрбиешісі екенін айтып, балалар қауіпсіздігі, ата- аналардың бала өміріне жауапкершілігі туралы айтып өтті.
Ата-аналар жиналысына мектептің  Әкелер кеңесінің мүшесі, продюсер  Т.Алиханов қатысты. 
Жиналыс соңында мектеп директоры Света Ағабекқызы келген қонақтарға алғыс айтып, балалардың баянды болашақтары үшін ұстаздар мен ата- аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу басты мақсатымыз екенін айтып өтті.
@edu.almaty
@akimat_nauryzbai_almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@kusainova.s.a

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: