БІЗ ТУРАЛЫ » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЗ ТУРАЛЫ
12
август
2021

БІЗ ТУРАЛЫ

Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Биылғы жаңа оқу жылының алдында мектебіміз ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өтті. Сүйікті мектебімізбен қауышып, биылғы 2021-2022 оқу жылын мектеп қабырғасында өткізу - баршамыздың арманымыз. Сол үмітіміз ақталып, сағына күткен алғашқы «Білім күні» шәкірттерімізбен дәстүрлі оқуға оралсақ деген ойдамыз.
Мектеп басшысы ретінде баршаңызбен әрдайым байланыста болу, көңілдеріңіздегі сұрақтар мен ұсыныстарыңызды қабыл алып, ортақ шешім шығаруға дайынмын. Сіз бен біздің болашағымыз, абыройымыз асқақ болу үшін бірлесе жұмыс жасағанымыз жөн. Өйткені, сол абырой болашақ балаларымыз, шәкірттеріміз үшін! Сондықтан сауалдарыңыз бен ойларыңызды мектеп сайтына, мектептің әлеуметтік желілері арқылы жолдай аласыздар.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай түспа-түс келген жаңа оқу жылында бүгінгі ұрпақтың алар асуы мен шығар биігі, жетер жетістігі мен толағай табысы біздің қолымызда. Осы жолда ұстаздар қауымы ұлт болашағы үшін бойындағы бар білімін шәкіртіне ұсынып, ел ертеңі жолында, аянбай еңбек етуге бар. Сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұлт жанашыры, бала бағбанының қолында.
Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, баянды болуы – біз білім беріп отырған шәкірттерімізде. Бүгінгі жаңа технологиялардың даму кезеңінде, білім бәсекесінде озық елдерінің қатарынан табылып, солармен үзеңгілес болу үшін ұлтының намысын өрге сүйер тұлға болу керек. Сол тұлғаны қалыптастыру баршамыздың қолында.

Ойға ой қосарлық пікірлеріңіз болса, жазып бөлісе отырыңыздар.
Құрметпен:Алматы қаласы, Наурызбай ауданы № 157 жалпы білім беретін мектеп директоры Ахметова Света Агабековна
shcola157@mail.ru 157.alschool.kz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

12 август 2021 БІЗ ТУРАЛЫ
15 апрель 2021 Іс шара
08 апрель 2021 Іс шара
12 февраль 2021 ОҚУШЫЛАР
03 сентябрь 2019 Білім күні