«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы “Мектепке жол-жақсылық жаса» тақырыбымен өткізілуде. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы “Мектепке жол-жақсылық жаса» тақырыбымен өткізілуде.
29
август
2024

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы “Мектепке жол-жақсылық жаса» тақырыбымен өткізілуде.

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы
Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы “Мектепке жол-жақсылық жаса» тақырыбымен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы  № 157 жалпы білім беретін мектеп дәлізінде ақпараттық тақта қойылып, мектеп сайты мен әлеуметтік парақшаларына акцияның мақсаты мен демеушілерді тарту бойынша хабарландыру жарияланды. Акция аясында жеке кәсіпкер Жанар Карабаева 8 оқушыға рюкзак және оқу құралдарын сыйға тартты.
Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы таратылды. Мектеп директоры Света Ағабекқызы сыйлықтарды табыстау барысында оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
№157жалпы білім беретір мектеп әкімшілігі демеушілерге көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: