Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныбы қатарына оқушыларды қабылдау салтанаты өтті. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныбы қатарына оқушыларды қабылдау салтанаты өтті.
12
сентябрь
2024

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» полиция сыныбы қатарына оқушыларды қабылдау салтанаты өтті.

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім беретін мектебінде 
«Жас сақшы» полиция сыныбы қатарына оқушыларды қабылдау салтанаты өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы 
полиция генерал-майоры 
Арыстанғани Расылханұлы Заппаров, 
ҚР ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері ішкі қызмет генерал-майоры Талап Қабденұлы Қабденов, 
Наурызбай аудандық Білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы Құсаинова, 
грек-рим күресінен ҚР күміс жүлдегері ювеналды полиция инспекторы полиция лейтенанты Ерсін Еркетайұлы және мектеп ұжымы қатысты.

Олар «жас сақшыларды» құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. 
Сонымен қатар, мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды.

«Еліміздің ертеңі біздің жас ұрпақтың қолында. Бүгін Наурызбай ауданында тарихи күн деп айтсақ болады. Ауданымыздағы №157 жалпы білім беретін мектебінде «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Ол сыныпқа осы мамандықты жақсы көретін, болашақта осы мамандықтың иесі болатын оқушылар іріктелді. «Жас сақшы» сыныбының ашылу мақсаты - еліміздің қорғаны болатын, тәртіпке бағынатын, үлгі бола білетін, адал қызмет атқаратын, көкрегі ояу, көзі ашық азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп шығару. 
«Жас сақшы» сыныбының негізгі бастамасы Алматы қаласы білім басқармасы мен Ішкі істер департаментінің бірлескен жұмысы мен жоспары аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараның бірі. Бүгінгі сыныпқа қабылданған оқушыларға сәттілік тілейміз. Елімізге адал қызмет ететін азаматтарымыз көп болсын» , - деді Наурызбай аудандық Білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы.

№157 жалпы білім беретін мектептің директоры Ахметова Света Агабековнаны сөзге тартқан едік. 

Бүгінгі іс-шара туралы мектеп басшысы былай дейді: 
—Алматы қаласы полиция департаментінің және Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 23 оқушыдан тұратын «Жас сақшы» сыныбы ашылды. «Жас сақшы» сыныбының ашылуының негізгі мақсаты - оқушы бойындағы отанына, еліне деген сүйіспеншілікті арттырып, патриоттық рухын асқақтату. Оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз! 

Бүгін Наурызбай ауданында басталған бастама өз жалғасын таба берсін. 
Қала мектептерінде "Жас сақшы" сыныптарын ашу оқушылардың 
әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етері анық. Заңына бағынған қоғамның алға қарай өрлеуі заңдылық деп санаймыз. 
Әскеріміз әлеуетті, балаларымыз бақытты, еліміз тыныш болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

03 март 2021 Іс шара