Іс шара » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іс шара
08
апрель
2021

Іс шара

Құрметті №157 ЖББ мектептің оқушылары!!! "ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жобасы аясында "ҮЗДІК БУКТРЕЙЛЕР" атты байқауға шақырамыз !!!

1.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Алматы білім басқармасының 05 қарашадағы №5-18-4/3950 хатын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру арқылы білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
2.БУКТРЕЙЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ
Буктрейлер (англ. booktrailer) — бұл көркем тілмен жеткізілетін шағын шығарма жайында бейне түсірілім. Оның мақсаты - көркем оқуды насихаттау, ақпаратты көзбен шолу арқылы кітапқа көңіл аударту.
Ұзақтығы 3-5 минуттан аспайды. Мұндай ролшиктерді жаңа кітаптарға, әдеби классикаға айналған кітаптарға да дайындайды. Буктрейлерді интернет желісіне орналастырып, кітаптардың таныстырылуын жоғарлатуға болады.
З.БУКТРЕЙЛЕРДІ ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА
1. Алдымен кітаптың авторымен, оның туындыларымен толықтай танысып алу керек.
2. Таңдаған тақырыптың мазмұнын толық ашып көрсету.
3. Оқырмандар жалықпау үшін азғана уақыттың ішіне (3-5 минут) қызықты сәттерді бейнелей отырып, көркем тілмен жеткізе білу керек.
4. Бейнежазба, көркемсурет, фотосурет қажет.
4.БУКТРЕИЛЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ:
1. Жарнамалау, әңгімелеу үшін кітапты таңдау.
2. Буктрейлерге сценарий құру, оқиға желісін дайындап, мәтінін жазу.
3. Бейнероликке мағлұматтар жинақтау. (Сурет, видео үзінді, кітап мұқабасы, автор, т.б.)
4. Әуенін тандау
5. БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ
Байқауға қатысу үшін оқушы бір ғана тақырыптар бойынша буктрейлер дайындау қажет.
Буктрейлердің ұзақтығы 3-4 минуттан аспау керек.
Қатысушы 2021 жылғы 5-cәуірден 15-cәуірге дейін өз бейнеролигін WhatsApp нөмірге
1-4-сыныптар үшін 8702 956 89 92; 5-10 сыныптар үшін 8701250 15 62 немесе telegram нөмірге 8747 545 50 56 жіберуі керек.
Техникалық орындау: буктрейлердің сапасы.
Суреттеу құралдары: бейне әсердің, дыбыстық сүйемелдеудің болуы.
Буктрейлер саны-1
6. БАЙҚАУДЫҢ НӘТИЖЕСІН ШЫҒАРУ
1. Ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылады.
2. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар 2021 жылдың сәуір айында мектеп директоры атынан I, II, III дәрежелі диплом, мақтау қағазымен марапатталады.Іс шара

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 апрель 2021 Іс шара
29 март 2021 Іс шара
04 март 2021 Біз туралы
08 февраль 2021 Біз туралы