Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Республикалық Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Республикалық Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті
28
январь
2020

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Республикалық Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті

#157 жалпы білім беретін мектепте 28 қаңтар 2020ж. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Республикалық Бірыңғай "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

«Жас Қыран» ұйымының  мақсаты:
-өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
«Жас Қыран» ұйымының  міндеттері:
-Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;
-балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру;  
-танымдық жұмыстарды ынталандыру;
-балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік  дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
-жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады.
«Жас Қыран» мүшелері міндетті:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сыйлау (Ту, Елтаңба, Әнұран), өз елінің патриоты болу;
- «Жас Қыран» Ережесін және  басқару органдарының шешімін орындау;
-«Жас Қыран» өзге мүшелері мен олардың құқықтарын құрметтеу, мойындау;
- оқуда, қоғамдық жұмыстарда, еңбекте үлгілі болу; қоғамдық мүлікті сақтау, мәдениетті болу; 
- салауатты өмір салтын ұстану, оны өз құрдастары арасында насихаттау;
- үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. 
28.01.2020 г. в КГУ ОШ 157 состоялся торжественный прием учащихся 2-3 классов в ряды Республиканского общественного объединения "Жас Кыран", посвященный 175-летию великого казахского поэта Абая Кунанбаева. Цель: формирование подрастающего поколения в духе казахстанского патриотизма на основе высоких духовно- нравственных ценностей, принципов гуманизма, толерантности и демократизации, неустанного стремления к знаниям, любви и преданности Отечеству, истории Родины.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: