"Тілдер мерекесі " » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тілдер мерекесі "
01
октябрь
2021

"Тілдер мерекесі "

Алматы қаласы Наурызбай ауданы
# 157 жбб мектеп 10 сыныптар арасында Еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына және 5 қыркүйек "Тілдер мерекесіне" орай, " Әлеуметтік ортада күнделікті қарым-қатынас кезіндегі өзге тілдік қолданыстар: дұрыс немесе бұрыс" тақырыбында дебат өткізілді. Дебатты өткізудегі мақсат: Тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде Тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында — тіл тазалығын сақтау. Оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру. Өскелең ұрпақтың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Екі топтан құралған жақтаушы және даттаушы спикерлер өз ойларын пікірталас бөлімінде саралай отырып, кезіндегі Алаш Орда партиясындағы ұлтжанашырларының көтерген тіл мәселесін байланыстыра отырып, бүгінгі әлеуметтік ортадағы тіліміздің шұбарлануына, сахна әндерінің батыстық стильде өңделуі, жарнама тілі сияқты күнделікті өмірдегі жағдаяттарға сыни көзқарастарын білдірді. Жалпы, оқушылардың ізденістері мен зерттеушілік қабілеттері заманауи көзқарастары арқылы көздеген мақсатқа жетулеріне дағды қалыптастыруда, креативті ой мен білу, түсіну, талдау секілді танымдық қабілеттеріне жол ашты.
Дебатты ұйымдастырған: қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімдері Бақбергенова Айгүл Асқарқызы мен жас маман Абылғазина Маржан Тұрысбекқызы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

01 октябрь 2021 "Тілдер мерекесі"
12 август 2021 БІЗ ТУРАЛЫ
25 сентябрь 2020 Іс шара
22 сентябрь 2020 Біз туралы
12 февраль 2021 Біз туралы