Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 14 қыркүйек күні № 157 жалпы білім беретін мектепте еліміздің мемлекеттік тіліне жанашырлық танытып, жүрген жерінде қазақ тілінің мәртебесі мен биіктігін айтудан жалықпайтын ұлы тұлға - Асылы Әлиқызы Осман апаймен кездесу өткізілді.
14
сентябрь
2023

2023 жылдың 14 қыркүйек күні № 157 жалпы білім беретін мектепте еліміздің мемлекеттік тіліне жанашырлық танытып, жүрген жерінде қазақ тілінің мәртебесі мен биіктігін айтудан жалықпайтын ұлы тұлға - Асылы Әлиқызы Осман апаймен кездесу өткізілді.

2023 жылдың 14 қыркүйек күні № 157 жалпы білім беретін мектепте еліміздің мемлекеттік тіліне жанашырлық танытып, жүрген жерінде қазақ тілінің мәртебесі мен биіктігін айтудан жалықпайтын ұлы тұлға - Асылы Әлиқызы Осман апаймен кездесу өткізілді.  Қыркүйек айында мектебіміздің «Қазақ тілі және әдебиеті» пәндері кафедрасының апталығы аясында орыс сыныптарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімдері  жоспар бойынша кездесу ұйымдастырды.  Білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған құтты қонағымыз мектептің ілтипатты оқушылары мен ұстаздарына алғыс білдіріп, ақ батасын жаудырды. Залда отырған шәкірттердің қарасының көптігіне де тәнті болды.  Кездесу барысында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Арқа мектебі», Е.Шүкімановтың шәкірттері Әбдіғани Әсем, Жаппар Абылай дәстүрлі әндерімен қатысушыларға ерекше көңіл –күй сыйлады.  Тілге деген махаббаттарын өлеңмен жырлаған белгілі ақындардың жыр жолдарын өзге ұлт оқушылары жатқа оқығанда тебіреніспен тыңдап отырды. Көркем сөздің майын тамызған оқушыларымызға деген сүйіспеншілігін жасырмады. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға да бар ынтасымен жауап беруге тырысты. «Ең, алдымен, осындай әсем ғимаратқа, осындай өнерлі, талапты шәкірттерге толы білім ордасына, ұстаздар қауымына басымды иіп сәлем бергім келеді. Әрбір адам баласы өмірге келгенде оның алғаш рет сөйлеген тілі - ана тілі болады. Сол тілде сөйлеу, онымен мақтану - әрбір азаматқа міндетті саналу керек»- деді. Түрлі сауалдар төңірегінде ұтымды жауаптарымен барша оқушыларды таң қалдырып жатты. Кездесу соңында мектеп директоры С.А.Ахметова Асылы Осман апайдың біздің білім ордасына ат басын бұрып, ғибратқа толы ой-пікірлерін ортаға салғаны үшін алғысын білдірді. Асылы Осман сияқты тіл жанашыры, мемлекет қайраткерімен жүздесу шәкірт санасында ешқашан ұмытылмайды деген сенімдеміз.

@edu.almaty
@akimat_nauryzbai_almaty
@otdel_obrazovaniya_nauryzbay
@kusainova.s.a
@akhmetova.s.a

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

31 март 2021 Іс шара
30 март 2021 Іс шара
21 сентябрь 2020 Іс шара
22 сентябрь 2020 Біз туралы
22 сентябрь 2020 Біз туралы