«Ән салшы – бір бала-ай»
Құттықтаймыз! 🎉 Қалалық жалпы білім беретін мекемелердің орындаушылары арасында өткен «Ән салшы – бір бала-ай» атты жас дәстүрлі орындаушылардың аудандық кезеңінде №157 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ержан Асқар жүлделі 🥇 І орынға ие болды! Өнерімен көпшілікті тәнті етіп, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Ержан ауданнан І орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. 👏 Жетекшісі – Нурадилова М.Ж. Жас өнерпазға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз! Өнерің өрге жүзіп, биіктерді бағындыра бер! ✨🎶