Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🔹 «Профилактика жылы» аясында – ортақ қауіпсіздік жолында.
29
июль
2025

🔹 «Профилактика жылы» аясында – ортақ қауіпсіздік жолында.

[07:30, 11.08.2025] Динара:  «Профилактика жылы» аясында – ортақ қауіпсіздік жолында

Алматы қаласы Наурызбай ауданының білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 27–29 шілде күндері Наурызбай аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, елімізде өтіп жатқан «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасына белсене атсалысты.

Бұл шара ҚР Ішкі істер министрлігі жариялаған 2025 жыл – Профилактика жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Мақсат – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алып, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

🔸 Баланың қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет.
🔸 Тәртіп пен тәрбие – бүгінгі бірлескен еңбектің нәтижесі.
🔸 Ұрпақ амандығы – ұлт болашағы!
[07:31, 11.08.2025] Динара: 👨‍👩‍👧‍👦 Құрметті ата-аналар!

Балаларымыздың қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік.
 
Соңғы уақытта түнгі уақытта балалардың қараусыз жүру фактілері жиілеп барады. 27–29 шілде аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» рейдінде 8 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді.
🔸 700-ден астам ата-ана жауапқа тартылды;
🔸 170 кәсіпкерге ескерту жасалды;
🔸 8 мыңға жуық заңбұзушылық тіркелді.
 
‼️ Естеріңізге саламыз: 22:00-ден кейін балалар тек ата-анасының немесе заңды өкілінің қасында ғана сыртта бола алады. Бұл – заң талабы.
 
❗ Сіздің қолдауыңыз маңызды:
✔ Балаңыздың қайда, кіммен жүргенін біліп отырыңыз.
✔ Түнде қараусыз жүруіне жол бермеңіз.
✔ Жеке қауіпсіздік пен заңға құрмет туралы жиі сөйлесіңіз.
 
Тәрбиенің өзегі – отбасы. Балаларға қауіпсіз әрі жарқын болашақ құру – баршамыздың міндетіміз.

👤 А.Ғ. Балаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: