Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылғы 7 қараша күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 жалпы білім беретін мектепте "Әділетті мемлекет: Адал қоғам" тақырыбында Қалалық Әкелер форумы өтті.
07
ноябрь
2025

2025 жылғы 7 қараша күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 жалпы білім беретін мектепте "Әділетті мемлекет: Адал қоғам" тақырыбында Қалалық Әкелер форумы өтті.

2025 жылғы 7 қараша  күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 жалпы  білім беретін мектепте "Әділетті мемлекет: Адал қоғам" тақырыбында Қалалық Әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты — «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қараша айындағы «Әділеттілік пен Жауапкершілік» айлығы аясында, үштік: мектеп, отбасы, оқушы байланысын арттыру. Қоғамдағы әділет пен адалдық ұстанымдарын насихаттау, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке баулу. Әкелер кеңесінің рөлін күшейту, отбасындағы жауапкершілік пен рухани байланысты күшейту, жаңа буынға жан-жақты тәрбие тағылымын тереңдету.

  Форумға Наурызбай ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Қанағатова Н.Б., Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы Джанаманов А.А., Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты «Алаш және рух» жыр мүшәйрасының жүлдегері, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер, Қазақ Билер бірлестігінің Бас Биі - Ермек Албан, Наурызбай ауданы бойынша Өзін -өзі басқару ұйымының президенті Қайрат А.  қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Форум барысында бала тәрбиесінде әке мен ананың бірлескен жауапкершілігін күшейту, жас ұрпаққа ұлттық және рухани құндылықтарды дарытуда әкелердің ұлгісін насихаттау, жауапты әке болудың заманауи моделін қалыптастыру, жасөспірімдер арасында патриоттық, азаматтық құндылықтарды насихаттауға баса назар аударды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және  діни -экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері айтылды. Қатысушылармен пікір алмасу болып, сұрақтарға жауап берілді.

Іс-шараға ата -аналар, білім беру ұйымдарының Әкелер кеңесінің мүшелері, педагогтер, белсенді оқушылар қатысты.  Барлығы 300 адам қамтылды.

@akimat_almaty 
@akimat_nauryzbai_audany 
@oqu_agartu_ministrligi 
@edu.almaty 
@nauryzbay_bilim_bolimi 
@nauryzbai_madeniet_bolimi 
@gnmcnto_almaty 
@birtutas_tarbie2024 
@almaty_birtutas_tarbie 
@sairan.saifedenov 
@kusainova.s.a 
@kanapyanova.asem 
@mnurymbetov

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: