25
ноябрь
2025
«Қыз әдебі – ұлт намысы» тақырыбында тағылымы мол кездесу кеші өтті.
Бүгін мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы мен «Даналық мектебі» Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен қыздарға арналған «Қыз әдебі – ұлт намысы» тақырыбында тағылымы мол кездесу кеші өтті.
Кешке мектебіміздің ата-анасы, белгілі әнші, актриса, тележүргізуші Айгүл Каден арнайы келіп, бойжеткендерге өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып тәрбиелік мәні зор кеңестер берді. Қыздардың көкейіндегі сан қилы сұрақтарға жауап беріп, болашаққа деген сенімін нығайтып, өмір дағдылары мен жеке адамдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған ойларымен бөлісті.
Іс-шараның мақсаты:
Қыз баласының әдебі мен тәрбиесінің ұлттық құндылықтардағы орнын терең ұғындыру, Қазақ қызына тән инабаттылық, сыпайылық, тәрбиелілік, үлкенді құрметтеу, өз қадірін білу секілді асыл қасиеттерді дәріптеу. Сонымен қатар ұлттық дәстүрге сай ұстамдылыққа, мәдениеттілікке, өзін-өзі дұрыс ұстауға баулу.
Кездесу барысында қоғамдағы қыз баланың рөлі мен жауапкершілігі ұлт намысымен байланыстыра отырып түсіндіріліп, бойжеткендерді өмірлік дұрыс бағыт-бағдар алуға, өз қадірін бағалауға, рухани бай, парасатты тұлға болуға шақырылды. Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді сақтау, құрметтеу, оны күнделікті өмірде ұстану секілді құндылықтар кеңінен насихатталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар қыздарымыздың өзіндік болмысын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосары сөзсіз.
Іс-шараның ресми бөлімінде №157 жалпы білім беретін мектептің директоры Канапянова Асемкүл Слямбековна сөз сөйлеп, мұндай тағылымды кездесудің маңыздылығын атап өтті. Ол бүгінгі кештің мазмұнды өтуіне атсалысқан іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, сондай-ақ шақырылған қонақтарға жылы лебізін жеткізді.
@akimat_almaty
@akimat_nauryzbai_audany
@oqu_agartu_ministrligi
@edu.almaty
@nauryzbay_bilim_bolimi
@nauryzbai_madeniet_bolimi
@gnmcnto_almaty
@birtutas_tarbie2024
@almaty_birtutas_tarbie
@sairan.saifedenov
@kusainova.s.a
@kanapyanova.asem
@mnurymbetov