«Мектебім – мейірім мекені» 🌟 №157 жалпы білім беретін мектепте 9–11
«Мектебім – мейірім мекені» 🌟 №157 жалпы білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушылары арасында «Арманым мен мақсатым» атты қызықты челлендж өтті. Бұл шара жас өрендерге өз армандарын ашық айтуға, алға қойған мақсаттарын айқындауға мүмкіндік берді. ✨ Оқушылар бір-бірін тыңдап, шабыт алып, болашаққа деген сенімдерін арттырды. Арманға жету – еңбектен басталады, мақсатқа жету – табандылықтан. Ал бүгінгі челлендж – сол үлкен жолдың алғашқы қадамдарының бірі болды. #mektebim_meirim_mekeni