Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
Республикалық турнир
07
апрель
2026
Республикалық турнир
Жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушылары арасында өткен республикалық турнирде №157 мектеп ұстаздары жоғары нәтиже көрсетті. 👏 Ағыбаева Бақытгүл – бес асықтан І орын, сондай-ақ әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтан І орын иегері! 👏 Нурбатырова Арайлым – бес асықтан ІІІ орын иегері! Ұстаздарымыздың жетістігі – мектеп мақтанышы! Жеңістеріңіз көп болсын! 🎉 @akimat_almaty  @akimat_nauryzbai_audany  @oqu_agartu_ministrligi  @edu.almaty 
Ата-аналар назарына!
06
апрель
2026
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына! 🏫 Алматы қаласы №157 жалпы білім беретін мектебі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты «Соңғы қоңырау» және қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды талаптарды ескертеді: 🎁 Мұғалімдерге сыйлық жасауға және ақша жинауға қатаң тыйым салынады. 🎭 Аниматорлар, студиялар, агенттіктер шақыруға болмайды. 💰 Мектеп қажеттіліктеріне ата-аналардан қаражат жинауға рұқсат етілмейді. 🚗 Оқушылардың қауіпсіздігі үшін автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына
“ҮЗДІК ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП – 2026” номинациясымен марапатталды!
03
март
2026
“ҮЗДІК ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП – 2026” номинациясымен марапатталды!
Алматы қаласы бойынша “157 жалпы білім беретін мектеп” Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде 🏆 “ҮЗДІК ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП – 2026” номинациясымен марапатталды! Бұл — мектеп ұжымының қажырлы еңбегі мен жоғары білім сапасының, ұстаздардың кәсібилігі мен оқушылардың талпынысының нәтижесі. Осындай биік жетістікке жеткен ұстаздар қауымын, дарынды оқушыларды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да
«Ән салшы – бір бала-ай»
02
март
2026
«Ән салшы – бір бала-ай»
Құттықтаймыз! 🎉 Қалалық жалпы білім беретін мекемелердің орындаушылары арасында өткен «Ән салшы – бір бала-ай» атты жас дәстүрлі орындаушылардың аудандық кезеңінде №157 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ержан Асқар жүлделі 🥇 І орынға ие болды! Өнерімен көпшілікті тәнті етіп, жоғары деңгейде өнер көрсеткен Ержан ауданнан І орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. 👏 Жетекшісі – Нурадилова М.Ж. Жас өнерпазға алдағы кезеңде сәттілік тілейміз! Өнерің өрге жүзіп, биіктерді бағындыра бер! ✨🎶