Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 109
Біз туралы
05
февраль
2021
Біз туралы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №157 ЖББМ педагог-психологы Еренжанова Ж. №36 қалалық емхана акушер гинекологы Арипова Гаухар Болатовна психолог Хамит Азиза Бакыткызы 9-11-сыныптың қыдарымен онлайн конференция өтті. Ерте жүктіліктің алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс
Біз туралы
05
февраль
2021
Біз туралы
Наурызбай ауданы №157 ЖББ мектептің 4-сынып оқушылары арасында «Қазақстан споршылары» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге спорттық, ойын түрлерін үйретіп, балаларға қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Отанын сүюге, Қазақстанның азаматы екендігін мақтан тұтуға тәрбиелеу, еліміздің атақты спортшыларын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.Ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімі А. Б. Алдакеева
Біз туралы
03
февраль
2021
Біз туралы
Наурызбай ауданы №157 ЖББ мектептің 10-сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «Ақ Орда-Қазақ хандығының негізі» тақырыбында ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Мақсаты: Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; Ақ Орда және Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтау. Пән мұғалімі Д. А. Садыкова
Біз туралы
03
февраль
2021
Біз туралы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы Алматы Білім басқармасының, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен оқушылардың ғылыми жобалар конкурсында физика пәнінен Жер және космос туралы ғылымдар секциясында №157 ЖББ мектептің оқушылары 11-сынып оқушысы Рыскалиев Рамазан жүлделі ІІ-орын, жетекшісі-Ш.Б.Куныпияева; Қазақстан тарихы пәнінен Адам және қоғам секциясы бойынша 10-сынып оқушылары Әмір Жәнібек жүлделі ІІ-орын, Галки
Біз туралы
02
февраль
2021
Біз туралы
Алматы қаласы Наурызбай ауданы №157 ЖББ мектептің оқушысы 1-7 сынып оқушылар арасында ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ «ЗЕРДЕ» ХVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ нәтижесінде Орынбасар Нұржан І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мырза Ф. Құттықтаймыз!!!
Біз туралы
01
февраль
2021
Біз туралы
№157 жалпы білім беретін мектебінде оқу-тәрбие жоспары негізінде 01.02.2021 күні «Өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы өткізілді. Мақсаты: 🔷️ Өзін-өзі тану пәні авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту; 🔶️ Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, татулыққа, сүйіспеншілікке, жақсылық жасауға тәрбиелеу; 🔷️ Өмірге деген құштарлығын ояту.
Біз туралы
29
январь
2021
Біз туралы
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 ЖББ мектептің 11-сынып оқушысы Турлубекова Айжан "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында өткен қалалық "Абайтану" олимпиадасында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Апенова Б.С. Құттықтаймыз!!!👏👏👏👏👏 Тек биіктерден көрініңіздер! Мектеп мерейі үстем болсын!!!
Ақпарат
28
январь
2021
Ақпарат
Алматы қаласы, Наурызбай ауданы №157 ЖББ мектепте кәсіптік бағдар беру мақсатында Алматы қаласы полиграфия колледжінен 9,11-сынып оқушыларына таныстырылым тұсаукесерін өткізді. Оқу орнынан арнайы келген оқытушылар Таханова Ғалия Құтжанқызы, Копенова Айым Ерланқызы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, колледж мамандықтарымен, грант, жеңілдік, оқуға түсу талаптарымен таныстырды.
Біз туралы
28
январь
2021
Біз туралы
Алматы қаласы «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дала сазы» атты республикалық байқауында Наурызбай ауданы №157 ЖББ мектептің 9 «В» сынып оқушысы Арипбаева Айдана "Табиғат ананың жылулығы" тақырыбында «Бейнелеу және қолөнер» номинациясы бойынша қатысып, жүлделі І орынға ие болды. ЖЕТЕКШІСІ:Матаева Әлия Қуанышбайқызы Құттықтаймыз!!! 👏👏👏👏👏