Бүгінгі лагерь күнінен жарқын сәттер!✨ 5-6 сынып оқушылары үшін
Бүгінгі лагерь күнінен жарқын сәттер!✨ 5-6 сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымды күн өтті! Алдымен қолөнер сабағында оқушылар қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен танысып, олардың мағынасын білді. Өз қиялдарымен өрнектерді бояп, шығармашылық қабілеттерін дамытты ✂️🎨 Сондай-ақ, кәсіптік бағдар беру аясында түрлі мамандықтар туралы мағлұмат алып, болашақта кім болғысы келетіндері туралы ойларымен бөлісті. Балалар үшін бұл күн жаңа білім мен шабытқа толы болды! @akimat_almaty