Қауіпсіздік сабағы.
Қауіпсіздік сабағы сынып сағаты кезінде өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және әртүрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды. Сынып сағаты барысында жол, өрт және тұрмыстық қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушылардың жауапкершілік сезімі нығайтылды. Сабақ соңында қауіпсіздік талаптарын сақтау әрбір адамның міндеті екені атап өтілді. @akimat_almaty @akimat_nauryzbai_audany