Хаттама №1 №157 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдермен жиналыс болып өтті. » 157.alschool.kz
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№157 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 385-33-67
Есепші бөлімі:
+7(727) 265-71-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Хаттама №1 №157 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдермен жиналыс болып өтті.
01
сентябрь
2022

Хаттама №1 №157 жалпы білім беретін мектепте мұғалімдермен жиналыс болып өтті.

1. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.
Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау туралы

Тыңдалды:
Жиналысты мектеп директоры Ахметова Света Агабекқызы ашып,
Мемлекет басшысының 2022 1 қыркүйегінде жариялаған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі құндылықтарымен таныстырды. Жаңа реформаларды жүзеге асыру үшін бірнеше бағдар ұсынды.
Оқу-ағарту министрі А.Аймағанбетовтің айтуынша, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында және биылғы тамыз кеңесінде көтерілген орта білім саласына қатысты мәселелер кешенді түрде шешілетінін айтты. Сонымен қатар, «Жұмыс тобының құрамында білім басқармаларының өкілдері, педагогтер, мектеп басшылары, балабақша тәрбиешілері, медотистер бар. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар сапалы әрі уақтылы орындалатын болады. Сондықтан барлығымыз жұмыла жұмыс істейміз», - деген болатын. Қаулы қабылданды:
1. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.
Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау жұмысы жүргізілсін.
2. Жолдауды насихаттау жұмыстарының нәтижелері БАҚ және
әлеуметтік желі беттеріне жариялансын.


Мектеп директоры: Ахметова С.А.
Хатшы: Қамбарбекова А.Т


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: